«Қазақстан барысына» қатысатындар Алматыға жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан барысына» қатысатындар Алматыға жиналды

«Қазақстан барысына» қатысатындар Алматыға жиналды

Биылғы «Қазақстан барысы» додасына қатысушылардың жартысына жуығы – жаңа есімдер. Шілденің 5-інде, Астана күні қарсаңында өтетін айтулы жарысқа әдеттегідей өңірлерден іріктеліп шыққан 32 балуан мен былтырғы жеңімпаз Мұхит Тұрсынов қатыспақ.

  • 23 Мамыр 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

Еліміздің ең мықты балуандары 3 күннен бері Алматыға жиналып, допингтік және басқа да тексеруден өтіп жатыр. Өткен жылы допинг дауына байланысты 4 балуан жарыстан шеттетіліп, тағы бірнеше төрешіге шара қолданылған болатын. Бұл жолы ешкімге бұра тартпай, әділ қазылық ету үшін 20 адамнан тұратын төрешілер құрамы жарысқа бір күн қалғанда жарияланбақ.  «Қазақстан барысы» жобасы қолға алынған 5 жыл ішінде қазақ күресіне ден қойған жастардың саны 3 есе артқан. Сондай-ақ, желтоқсан айында елімізде тұңғыш рет қазақ күресінен ел кубогі үшін жарыс өткізілгелі отыр. Оған әр облыс бес балуаннан шығарып, команда ретінде қатыспақ.