Екі облыстың тұрғындары малдары дертке шалдықты дегенге сенгісі келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі облыстың тұрғындары малдары  дертке шалдықты дегенге сенгісі келмейді

Екі облыстың тұрғындары малдары дертке шалдықты дегенге сенгісі келмейді

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ірі қара жаппай бруцеллезге шалдығып жатыр. Ақмола облысының Шойындыкөл елді мекенінде 100-ден аса сиырдан, ал Теріскейдің Семиполатное ауылында 35 бастан осы індет табылды. Қазір бұл жерлерде карантин жарияланып, малдың сүті мен етін сатуға тыйым салынған. Мал иелері болса қосымша сараптама жасауды талап етіп, ауру сиырларын өткізуден бас тартуда.

  • 23 Мамыр 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

Ветеринарлар өткен аптада ғана Петровтар отбасының ауру сиырын  алып кетіпті. Енді бұлар бұзауларын өткізуден бас тартып отыр. Оның үстіне халық соншама мал жаппай бруцеллезге шалдықты дегенге  сенбейді.

Әлия Әлкина, Семиполатное ауылының тұрғыны:

-Бруцеллез жоқ ауылда. Бруцеллез өздері шығарып отыр ойдан.  34 бас мал қалай жұқтырады оны? Дәлелдеу үшін неге екінші рет қан алмайды?

Заңға сай малдан бруцеллез  таяқшасы анықталса, ешқандай қосымша тексерусіз, айналасы 15 күнде оның көзі жойылуы тиіс. Сондықтан ауылдықтардың бұлайша даурығуына негіз жоқ дейді ауыл әкімі. Алғашқы тексеру ауылдағы 180 бас малдың 34-інің ауру екенін анықтаған. 20 малдың көзі жойылып, олардың иелеріне еттің келісіне 500 теңгеден өтемақы төленіпті. Ал қалған 14 ауру малдың иелері ақшаны азсынып, сиырларын бермей отыр. 

-Ауыл әкімі ауру малды жайылымға шығаруға тыйым салыпты. Ол үшін 40 мың теңге айыппұл қарастырылған. Ал енді тұрғындар сау сиырын да ауру жұқтыра ма деп қорадан шығаруға қорқады.

Қайса Жаңабеков, Рассвет ауылдық аймағының әкімі:

-Өздері хабарласады маған. Ананың ауру сиыры неге далада жүр деп?  СЭс тексерді десем сенбейді. Түсінбейді? Төбелесем бе енді?

Халықты да түсінуге болады. Қыс бойы қорда тұрған малға қазір беретін азық жоқ. Ауылда карантин жарияланғалы олардан ешкім не сүт, не ет қабылдамайды. 

Әлия Әлкина, Семиполатное ауылының тұрғыны

-Малды үйде ұстап отырмыз. Не сата алмаймыз, не сүтімізді алмайды. Сол сүтпен өмір сүріп жатырмыз.Бір түйір тамақ  жоқ үйде.

Ауру малдың бәрін ауылдан әкеткен соң, ветеринарлар араға бір ай салып сиырларды тағы тексермек. Егер дерт анықталмаса, қоралар дәріленіп, карантин алынып тасталады.