Германияда 65 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Германияда 65 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді

Германияда 65 жастағы әйел төртемді дүниеге әкелді

Германияда 65 жастағы Аннегрет Рауниг есімді көп балалы әйел төртемді: үш ұл, бір қызды дүниеге әкелді, деп жазады «ВВС» агенттігі. 

  • 24 Мамыр 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz


Ол қолдан ұрықтандыру арқылы жүкті болған. Оның жүктілік мерзімі 26 аптаға созылып, 19 мамыр күні Берлин қаласында босанған. 
Бұған дейін әйел 13 бала дүниеге әкелген. Олардың ең кішісі 9-да болса, үлкені 40 жаста. Оның 7 немересі бар. Рауниг төртемді дүниеге әлемдегі әкелген ең кәрі адам атанды. 
Алайда, кейбір деректер бойынша, оған дейін де егде жасында дүниеге бала әкелген әйелдер бар. Мысалы, Испанияда 2006 жылы Марии дел Кармен Бусада Лара есмді әйел 66 жасында егіз бала туса, Үндістанда 2008 жылы Омкари Панвар да 70 жасында егіз бала дүниеге әкелген.