елімізде «Нелегал-2015» жедел-сауықтыру іс-шаралары өткізілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аталған мерзім ішінде Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Сарыағаш» шекара отрядының әскери қызметшілері жергілікті құқыққорғау органдарымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзып жүрген шетел азаматтарын анықтау іс-шарасын жүргізді.
Нәтижесінде, аталған отрядтың әскери жауынгерлері елімізде құжаттары дұрыс емес, заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 428 азаматын ұстады.
Ұсталғандардың барлығы жергілікті ішкі істер органдарына тапсырылды.
