Ақмола облысында 4 300-ге жуық киіктің өлексесі жерге көмілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 4 300-ге жуық киіктің өлексесі жерге көмілді

Ақмола облысында 4 300-ге жуық киіктің өлексесі жерге көмілді

Ақмола облысында баудай түскен киіктердің саны 4 293-ке жетті.

  • 25 Мамыр 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оқиға орнында жүрген ТЖД арнайы жедел штап басшысы өртке қарсы қызмет подполковнигі Нұрлан Күлбаев хабарлады.

Оның айтуынша, дәл қазір уақытта 4 293 киіктің өлексесі жерге көмілген.

«Қазіргі кезде, Жарқайың, Жақсы аудандары аумағында ТЖД қызметкерлері мен арнайы құрылған жедел топ жұмыс істеуде. Өлген жануарлардың өлексесін анықтап, арнайы қазылған жерлерге тасымалдануда», — дейді Н.Күлбаев

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын 1 мыңға жуық киіктің өлекселері Қостанай облысымен шекаралас Жарқайың ауданының Құмсуат селолық округі және Жақсы ауданының Терісаққан селолық округі аумағынан табылған болатын.