Астанадағы «Старомодный» мейрамханасында жаппай улану фактісі негізінде жүргізілген тергеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Старомодный» мейрамханасында жаппай улану фактісі негізінде жүргізілген тергеу аяқталды

Астанадағы «Старомодный» мейрамханасында жаппай улану фактісі негізінде жүргізілген тергеу аяқталды

Астана қалалық ІІД «Старомодный» мейрамханасында жаппай улану фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

  • 25 Мамыр 2015
  • 392
Фото - Caravan.kz


Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «жиналған айғақтар жиынтығын ескере отырып, аталған мейрамхананың аға аспазының іс-әрекетін Қылмыстық кодекстің 304-бабына ауыстыру туралы қаулы қабылданды».
Қылмыстық іс прокуратураның қарауына берілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 30-31-наурыз күндері «Старомодный» мейрамханасынан тамақтанған 27 адам ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер олардың бәріне «сальмонеллез» деген диагноз қойды. Тексеру нәтижесінде аспаз бен қос даяшының ағзасынан, сондай-ақ дайын өнім қалдықтары мен жартылай фабрикаттардан Salmonella enteritidis таяқшалары табылған.