деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, ұшақтың апатқа ұшырау оқиғасы 2015 жылғы 20 қаңтарда Жамбыл облысындағы Шатыркөл кеніші маңайында болған еді.
ҚР ИДМ-нің авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның қорытындысында апаттың негізгі себебі Шатыркөл кенішінің маңайындағы метеорологиялық көрінудің нашарлауы жағдайында экипаждың қауіпсіз ұшу биіктігінің рұқсат етілетін төменгі шегін сақтамауынан болғандығы көрсетілген.
Ан-2 ұшағы экипажының жер бетіндегі нысаналарды көзбен мөлшерлемей биіктікті азайту жөнінде қабылдаған негізсіз шешімі әуе кемесінің жер бетімен соқтығысуына әкеліп соққан.
Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткеніндей, қорытынды есеп Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сайтында жарияланатын болады.
Тексерістің қорытынды есебі материалдары бойынша министрлік еліміздің авиакомпаниялары өкілдерімен арнайы кеңес өткізетін болады. Онда авиаапаттардың болу жағдайлары, себептері және факторлары келтіріледі, сонымен бірге ұшу қауіпсіздігін арттыру және авиациялық оқиғалардың алдын алу жөнінде ұсыныстар беріледі.
Бекітілген қорытынды есеп алдын ала тергеу жүргізген ҚР Бас көлік прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне жолданады.