Мемлекет басшысы баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және транзит-көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
«Сіздің сапарыңыздың екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімім мол. Катар Астанадағы «Нұр Астана» мешітін салуға көмектесті. Семейде ядролық полигоннан зардап шеккендерді оңалту орталығын салу жоспарымызға да қолдау көрсетіп жатырсыздар. Сол үшін алғыс білдіргім келеді», — деді елбасы.
Жоба Н.Назарбаевтың Мәдениет, білім және әлеуметтік бағдарламалары қоры мен Катар Даму қорының мұрындық болуымен іске асырылып жатыр.