Тбилисиде жолбарыс адамды шайнап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилисиде жолбарыс адамды шайнап тастаған

Тбилисиде жолбарыс адамды шайнап тастаған

Бүгін Грузия ІІМ зообақ маңындағы «Лагуна Вере»  бассейніне жақын жерде адамды жолбарыс шайнап өлтірді деген  БАҚ-та  таратылған ақпаратты растады. 

  • 17 Маусым 2015
  • 433
Фото - Caravan.kz

Ол жерден су тасқыны кезінде жыртқыш аңдар қашып шыққан болатын.

«Фактіні растаймыз. Тиісті қызметті жұмылдырдық», — деп хабарлады ІІМ шұғыл көмек басқармасы орталығының баспасөз қызметінен.

Жолбарыс Тбилиси орталығында өлтірілді.

Жыртқышты өлтіру операциясы «Лагуна Вере» бассейніне жақын аумақта жүргізілді.

Бұдан бұрын Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Тбилиси көшесінде 14 маусымға қараған түні зообақтан қашқан жыртқыштар жоқ деп мәлімдеген болатын. Таңы аңдардың бір бөлігі өлген, қалғаны уақытша ұйықтатылса, кейбірі атылған еді.