Туынды өзі жүкті болса да, қасқөйлерге қарсы шыққан келіншек туралы. Тақыр кедей отбасына келін боп түскен Кастори арамза әкімсымақтардан арын қорғайды. Бір үзім нан үшін аянбай тер төккен қарапайым шаруаларды да аштықтан сақтап қалады. Десе де, кедейлердің төбесіне қара бұлттай үйірілген Бхаяджи бай да қарап қалмайды. Махаббат пен машақатқа толы сериалды қазақ тілінде дүйсенбі мен бейсенбі аралығында, сағат 19-30-да КТК-дан қараңыздар!