Солтүстікте қайыңды орман оталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстікте қайыңды орман оталып жатыр

Солтүстікте қайыңды орман оталып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының сыңсыған қайыңды орманына балта шабылды! Жасыл желек жаппай оталды деп жергілікті тұрғындар  дабыл қағуда. Орманды жаңғырту үшін жалға алған компания керісінше, 3 жыл бойы ағаш кесумен айналысып жатыр екен. Ал орнына бір тал да отырғызылмапты. Жұрт құзырлы орындарға да талай барғанымен, табиғат қаскөйлеріне тоқтау салар жан табылмай тұр.

  • 18 Маусым 2015
  • 279
Фото - Caravan.kz

Айыртаудың желегі жайқалған әйгілі қайыңды орманы осы. Бірақ соңғы бірнеше жылдан бері берекесі кете бастағандай. Ағаш оңды-солды оталуда дейді тұрғындар. Тіпті соңғы кезде кесілген бөренелерді тасып үлгермей жатыр екен.

Қазез Есмағұлов, Карасевка ауылының тұрғыны:

-Былтыр  шапқысынан айрылды. Биыл әлі құдай біледі қаншама жер жыртатынын. Енді биылғы жылы орманның ортасында тұрамыз,енді міне ағашымыздан айрылып жатырмыз.

Ал кесілген ағаш орнына көшет отырғызып жатқан ешкім жоқ. Жұрт дабыл қағып, құзырлы орындарға хабарлағанымен, олардан да қайыр болмай тұр.

Сағат Жазбаев, Карасевка ауылының тұрғыны:

-Лесхоз жағынан ешқандай өкіл жоқ мында. Қолын бір сілтеп кетті. Ол халықты мойындамайды.  Ағаш алып жатқандар қысты қыс жазды жаз демейді.

Кесілген түбірлеріне қарағанда, орман орнымен жойылып, жұмыс істеп жатқандардың жақын арада тоқтайтын түрлері көрінбейді. Ал орманшылар асығатын емес. Кесілгені тек ауру-сырқау, шірігендері деп жайбарақат отыр.

Серік Жанғалиев, орманшы:

-Бүкіл ағашты кесіп тастамайды. Таксация бойынша жұмыс істейді.

-Неше жыл болған ағаштар кесіледі?

-80, 80 жастан асып кеткен кәрі ағаштарды кесіп жатқаны. Заң бұзып жатқан жоқ,заң жүзінде.

Орманды отап жатқандар – алқапты 10 жылға жалға алған «Углежог» серіктестігі екен. Келісім бойынша жасыл желекті жаңартулары керек. Яғни1 гектар кессе, 2 гектар ағаш отырғызуға міндетті. Алайда, 3 жыл қатарынан жұмыс істеген мекеме бүгінге дейін бір тал екпеген. Шабылған жерге ағаш өзі шығады деп міз бақпай отыр. Ал орманшылардан әбден күдер үзген жұрт енді бұл серіктестікпен соттаспақшы.