Катар Әмірі Семей полигонынан зардап шеккендерге сауықтыру орталығын салып бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Катар Әмірі Семей полигонынан зардап шеккендерге сауықтыру орталығын салып бермек

Катар Әмірі Семей полигонынан зардап шеккендерге сауықтыру орталығын салып бермек

Катар Әмірі Семей полигонынан зардап шеккендерге сауықтыру орталығын салып бермек. Құрылысқа қажетті қаржыны бөліп те қойған. Қуанышты хабарды бүгін Ақордада президенттің қабылдауында болған Катардың Сыртқы Істер министрі жеткізді.

  • 18 Маусым 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Екі елдің арасындағы қарым –қатынас өте жоғарғы деңгейде. Сіздің келгеніңіз біздің екі арадағы қатынасты одан да жоғары дәрежеге көтереді деп ойлаймын . Сауда саттық екі жақты қарым-қатынас жөнінде осы жолы әңгімелесуге болады. Қазір көлік жағынан мүмкіншіліктер туындап отыр жаңадан.

Катар Сыртқы істер министрі Халед әл-Атыя Нұрсұлтан Назарбаевқа Әмір Хамад Бен Халифа әт-Танидің ыстық сәлемін де жеткізді. Парсы шығанағындағы мұнайға бай бұл ел Семейде сауықтыру орталығынан өзге, Астананы тұрғызуға атсалысқанын да айта кетейік. Енді арадағы алыс берісті еселеп арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы кең құрамда Назарбаев пен Катар әмірі қазан айында еркін сөйлеспек. Елбасы күзге таяу бұл елге мемлекеттік  сапармен барады.