59 жастағы Сабиқа Құрманғазиева білім бөлімі басшысының міндетін атқарып жүріп зейнеткерлікке шыққан еді. Ал, 40 жастағы Нұрсұлтан Құрманбаев 2013-2014 жылдары қаланың бас ұстазы болған. Былтыр ол қызметінен мектептерді заңсыз тексеріп, директорлар мен мұғалімдерге орынсыз шүйліккені үшін алынған болатын. Десе де, көп ұзамай Өмірзақ ауылына әкім боп тағайындалғаны есте. Алайда ішімдікке сылқия тойып көлік айдағаны үшін таяуда тағы да жұмыстан қуылды. Ал, экс-шенеуніктердің қызметін қай жерде асыра пайдаланғаны әзірге құпия болып тұр.