Қатерлік ісікке шалдыққан генерал Майкеев бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатерлік ісікке шалдыққан генерал Майкеев бостандыққа шықты

Қатерлік ісікке шалдыққан генерал Майкеев бостандыққа шықты

Бағдат Майкеев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. 6 жылға абақтыға жабылған Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары аты жаман ауруға шалдығып, денсаулығының күрт нашарлауына байланысты жазасы жеңілдетілген.

  • 18 Маусым 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz

Заң бойынша адам қандай қылмыс жасаса да қатерлі дертке душар болған жағдайда бостандыққа жіберіледі. Ал, экс-генералға тергеу кезінде-ақ операция жасалған еді. Содан беті бері қарамапты. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Бағдат Майкеевті былтыр ақпанда, Астанада өзі тұратын үйдің ауласында 2 миллион доллар пара алып жатқан жерінде ұстаған болатын. Шенеунік бұл ақшаға таныс кәсіпкерге тендер ұтып берген екен. Сөйтіп, Майкеев «ірі көлемде пара алды», «заңсыз қару сақтады» деген айыппен 6 жылға темір торға тоғытылған. Енді жазасын тура бір жыл өтеген экс-генерал денсаулығының нашарлауына байланысты босап шықты.