Тбилисидегі су тасқыны құрбандарының саны 18 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилисидегі су тасқыны құрбандарының саны 18 адамға жетті

Тбилисидегі су тасқыны құрбандарының саны 18 адамға жетті

Тбилисидегі су тасқыны құрбандарының саны 18 адамға жетті, деп мәлімдеді Грузия премьері Ираклий Гарибашвили, деп хабарлады Би-би-си.

  • 18 Маусым 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz

Табиғи апаттың соңғы құрбанын сәрсенбі күні тауып, анықтады. Дегенмен төрт адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында.

Тбилисидегі су тасқыны 14 маусым күні түнде болған еді. Алдын ала ақпарат бойынша, келтірілген залал 45 млн. долларға бағалануда.

Өкімет орындары үшін зообақты су басуы елеулі проблемаға айналды: одан қашып кеткен кейбір жануарлар әлі күнге ұсталмаған. 17 маусым күні күндіз жолбарыс-альбинос шабуыл жасаған адам мерт болды.