Қазақстан мен Германия немiстерi халықаралық конференция өткiзудi жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Германия немiстерi халықаралық конференция өткiзудi жоспарлауда

Қазақстан мен Германия немiстерi халықаралық конференция өткiзудi жоспарлауда

Қазақстан мен Германия немiстерi халықаралық конференция өткiзудi жоспарлауда.  

  • 18 Маусым 2015
  • 414
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесiнiң мүшесi, Қазақстан немiстерi қауымдастығының басшысы Александр Дедерер мәлiм еттi. 

«Бiз Қазақстанда және Германияда түрлi құрылымдармен бiрдей қарым-қатынас жасап тұрамыз. Биыл қазан айында бiз «Қазақстан немiстерi — Астана мен Берлин арасындағы көпiр» атты халықаралық конференция ұйымдастыруды жоспарлаудамыз. Бұл конференция осы тақырыпты жан-жақты ашуға, оны терең мәнмен толтыруға бағытталған. Оның қорытындысы негiзiнде өзiмiздiң тұжырымдамамызды жасақтап, жүзеге асыратын боламыз», — деп атап өттi бiрлестiк басшысы. 

Оның сөзiне қарағанда, бiздiң о баста Германияға көшкен жерлестер Қазақстан атын әйгiлеуге, бiздiң елiмiздi таныстыруда үлкен үлес қосып келедi. 


«Осының арқасында германиялықтардың басым бөлiгi Қазақстанды жақсы бiледi, тiптi көршi мемлекеттей жақын көредi», — дейдi А. Дедерер.