ТМД аумағында алтын өндірісі бойынша Қазақстан үшінші орында - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД аумағында алтын өндірісі бойынша Қазақстан үшінші орында

ТМД аумағында алтын өндірісі бойынша Қазақстан үшінші орында

ТМД аумағында алтын өндірісі бойынша Қазақстан үшінші орында. 

  • 18 Маусым 2015
  • 693
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Astana Mining & Metallurgy» халықаралық  VI тау-кен металлургиялық конгресі аясындағы «Қазақстанның алтын өнеркәсібі» атты дөңгелек үстел барысында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары  Қанат Байытов мәлім етті.

«ТМД елдерінің арасында Қазақстан алтын өндірісі бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орында. Сонымен бірге алтын ресурстары 1,8 мың тоннаға бағаланып отыр. 100-ге жуық алтын өндіретін компаниялар тіркелгенімен, оның ішінде тек 35-і бүгінде қазба жұмыстарын жүргізуде», — деді Байытов.

Атап айтқанда, қазіргі кезде екінші бес жылдық аясында Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуді дамыту бағытына ерекше мән берілмек. Осы мақсаттар үшін алтынды барлау мен өндіру жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдаланушылармен 127 шарт бекітілген екен. Оның ішінде барлау жұмыстарына 58 компаниямен, өндіруге — 37, ал барлау және өндіруді қоса атқаратын 32 компаниямен шарт жасалды.

«Мемлекет алтын бойынша геологиялық базаны кеңейтуге мүдделі. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға ерекше назар аударып отыр. 2009-2013 жылдары олар бұл бағытта 237 млн. доллар қаржы бөлді», — деді ол.