Сот Талғат Ермегияевтің мүлкін бақылауға алуға санкция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот Талғат Ермегияевтің мүлкін бақылауға алуға санкция берді

Сот Талғат Ермегияевтің мүлкін бақылауға алуға санкция берді

Бүгін Астана қалалық соты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевтің мүлкін бұғаттау туралы өтінімді қанағаттандырды. 

  • 18 Маусым 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Астана қаласындағы Алматы ауданының №2 аудандық сотына Талғат Ермегияевтің мүлкін, дәлірек айтқанда «Са-Бек» ЖШС (үлестік қатысу дәрежесі — 30 пайыз) жарғылық капиталдары, «ТКМ» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі — 30 пайыз), «Глобус Алматы» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі — 50 пайыз), «ХОЗУ-Транс» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі — 100 пайыз), «Рахат-АВТО» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі — 18 пайыз), «Глобус Астана» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі — 50 пайыз) үлесіне арест қоюға санкция беру туралы өтінім келіп түскен», делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өтінім Т. Ермегияевке қатысты қозғалған ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлімі «б» бөлігінде қарастырылған (мүлкін тәркілеу) талапқа байланысты қанағаттандырылды.



Еске сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 12 маусымнан бері Астана қаласы Алматы ауданы № 2 аудандық сотының қаулысымен үй қамаққа алынған.