Атырауда малшылар айрықша олжаға тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда малшылар айрықша олжаға тап болды

Атырауда малшылар айрықша олжаға тап болды

Атыраулық археологтар айрықша олжаға тап болды. Индер ауданына қарасты Теректі деп аталатын жерде адамның және жылқының сүйектері, қару-жарақтың топырақ бетіне шығып жатқанын көрген жергілікті малшылар археологтарға хабарлаған.

  • 19 Маусым 2015
  • 225
Фото - Caravan.kz

Тарихшылар Нарын құмындағы қорым шамамен 9-11-ші ғасырларға жатады дейді. Әрі бұл мола өзгелерінен ерекше. Өйткені жауынгер атымен бірге жерленіпті. Сондай-ақ, одан ұзындығы 1 метрге жуық қылыш пен жебенің ұштары, сауыт және ат әбзелдері табылған. Аталған қорым  9-11 ғасырларда өмір сүрген оғыздар тайпасынікі деп топшылайды ғалымдар. Себебі, аттарға арнап сауыт жасаумен сол заманда оғыздар ғана айналысқан екен.

Марат Қасенов, археолог:

-Бұл экспонаттар қазір біздің университеттің лабороториясында, қазір оған реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр. Сауыты мен әртүрлі құрал-жабдықтарына қарағанда және жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл сол кездегі оғыз дәуірінің тайпасының көсемі деуге болады.