Ақтөбеге Алия Молдағұлованың рөлін сомдаған атақты қырғыз актрисасы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге Алия Молдағұлованың рөлін сомдаған атақты қырғыз актрисасы келді

Ақтөбеге Алия Молдағұлованың рөлін сомдаған атақты қырғыз актрисасы келді

Ақтөбе облысында Әлия Молдағұлованың 90 жылдығы тойлануда. Шараға басты қонақ ретінде «Мергендер» фильмінде батыр қыздың рөлін сомдаған қырғыз актрисасы шақырылған. Қазір Чехияда тұратын Айтұрған Темірова кейіпкерінің туған жеріне келуге өзі қолқа салған екен. Дүркіреген іс-шаралар өтіп жатса да, батыр қыздың жерленген жеріне қатысты дау басылған жоқ.

  • 19 Маусым 2015
  • 700
Фото - Caravan.kz

Осыдан тура 30 жыл бұрын түсірілген Әлия туралы фильм қазақ қызының атағын тағы бір асқақтатты. Сондықтан болар, батырдың бейнесін көпшілік басты рөлді сомдаған актрисаның кейіпімен елестетеді. Қырғыз қызы Айтұрған Темірова қазір Чехияда тұрып жатыр. Әлияның тойы үшін Ақтөбеге арнайы келіпті. Себебі, өзі сомдаған мерген қыздың туған жеріне талайдан бері келіп кетуді армандап жүрген екен.

Айтұрған Темірова, актриса:

Бүгінгі сезімімді сөзбен айтып тауысу қиын. Әлияның туған жеріне келу мен үшін арман болды. 80 жылдығына бір себептермен келе алмадым. Ал енді батырдың ауылын аралап, қандастарымен қауышып жатырмын.

Ал тоқсан жылдығы тойланып жатқан қаһарман қыздың қабіріне қатысты дауға әлі түйін қойылмаған. Осыдан екі жыл бұрын іздестіру тобы мергеннің сүйегі Ресейдің Псков облысындағы ну орманан табылды деп жар салған болатын. Дегенмен, кейін батыр қыздың сүйегі деген фрагменттерге сараптама жүргізген отандық мамандар нәтиже шығара алмады. Енді тарихшылар одан әрі Қеңес одағы батырының әруағын мазалаудың еш қажеті жоқ деп отыр.

Ғалымжан Байдербес, Әлиятанушы:

Әруақты мазалай беруге болмайды ғой. Мен талай жаздым. Тарихты да бұрмаламайық. Әлияны мазаламайық әруағын деп.

Батыр қыздың мерейтойы Ақтөбеде бір аптадан бері тойланып жатыр. Шараға Үкіметтен бастап, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келген.

Жергілікті билік батырдың тойын тек ас беріп, келген меймандарды күтіп алып, шығарып салумен шектелмейміз деп отыр. Биыл ардагерлер жылы аясында Әлия есімі берілген барлық мекемелер күрделі жөндеуден өтетін болады. Бұған дейін мергеннің ақтық демі біткен Ресейдің Казачиха ауылында батыр қызға арнап белгітас, Монаководағы бауырластар қорымында гранит тастан қашалған стелласы қойылған еді