Бұл жолы қауіп сырттан емес, отандық құс фабрикаларынан келген. Ауру анықталған тонна-тонна құс еті Алматы облысынан жеткізілген екен. Мамандар бір айда Астанадағы 45 дүкен мен қоймаларды аралап жүріп, сальмеонеллез жұқтырған 19 тонна құс етін анықтапты. Адам денсаулығына аса қауіпті өнімдерді жүк көлігіне тиеп, қала сыртындағы полигонға тасуда. Сөйтіп 10 миллион теңгенің өнімі күлге айналып кетті.
Айтбай Тайжанов, Астана қаласы бойынша аймақтық ветеринарлық бақылау инспекциясының басшысы:
-Сальмеонеллез тұрмыстық қарым-қатынастан, тауарды тасымалдау, сақтау кезінде жұғуы мүмкін. Былайша айтқанда тазалық болмағанда. Уақытша тоқтаттық, Алматы облыстық инспекцияға айтып, «Алатау құс фабрикасына» өздерінің тарапынан тексеріс жүргізіп жатыр.