Ақтөбелік шенеуніктер малдың қырылғанын хабарлаған шаруаларға шүйлікті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік шенеуніктер малдың қырылғанын хабарлаған  шаруаларға шүйлікті

Ақтөбелік шенеуніктер малдың қырылғанын хабарлаған шаруаларға шүйлікті

Ақтөбелік мамандар аймақтағы малдың жаппай қырылу себебін анықтай алмады. Шенеуніктер енді төрт түліктің бір мезетте арам қатуын жылдағы үрдіс деп жылы жауып қоймақшы.

  • 19 Маусым 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

Аян Ықылас, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Жылда  белгілі бір көлемде мал өлім-жітімге ұшырайды. Ол жаңағы өрісте жарақат алады немесе басқа болады. Бұл сандар облыс көлемінде басқа кезеңдермен салыстырғанда назар аударатындай сандар емес деп ойлаймын.

Киік қырылған Әйтеке би мен Ырғыз аудандарының малдарына да осыдан екі апта бұрын топалаң келген еді. Жас төлдер тұрған жерінде сеспей қатып жатты. Алғашқыда мамандар пастереллез дертіне шалдыққан деп топшылағанымен, зерттеу қортындысы оны теріске шығарған. Енді тексерулерінен түк шықпаған соң аймақтағы ауыл шаруашылығы саласына жауаптылар шаруаларға шүйлігіп отыр екен. Санаулы малға бола шу көтеріп, оны қырылған киікпен байланыстырғаны шенеуніктерге ұнамаса керек. Бір апта ішінде белгісіз кеселден 50-ден астам төл арам қатқан болатын.