«Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының 46 жастағы бұрынғы басшысы қазір изоляторда емес, Есіл өзенінің жағалауындағы кіл байлар тұратын мына пентхауста үйқамақта отыр. Хан сарайындай кең пәтерінің терезесінен Есілге ғана қарап, тәулік бойы тергеушілердің бақылауына алынған. «ЭКСПО»-ның экс басшысына жақындары мен адвокатынан басқа адаммен тілдесуге рұқсат жоқ. Телефон мен интернетті де пайдалана алмайды. Айта кетсек, Талғат Ермегияев отбасылық бизнестері көп, әсіресе алматылық үлескерлерге танымал кәсіпкер, кезінде билікте болған Аманкелді Ермегияевтің ұлы. «Ірі көлемде бюджет ақшасын жымқырды» деп айыпталған кіші Ермегияевпен бірге оның «ЭКСПО»-да кеңесшісі болған Қажымұрат Үсенов те Елордадағы үйінде 2 ай бойы қамауда болады. Атышулы Мақсат Үсеновтің әкесі Ермегияевтің компанияларына тендер ұтып беріп, қазынаның 214 миллион теңгесін қалтаға басты деп шатылып жатыр.