Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Алғашқы жағдай Сандықтау ауданына қарасты Шаңтөбе кентінде кеше таңғы 09:30 шамасында орын алған. 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында болған жарылыстан үй иесі, 1929 жылғы әйел 1 және 2 дәрежедегі термиялық күйік алған. Зардап шеккен әйел Сандықтау аудандық ауруханасына жатқызылды.
Дәл осындай оқиға сол күні кешкі сағат 20:25 минут шамасында Шортанды ауданының Дамса ауылындағы жеке меншік үйлердің бірінде орын алды. Мұнда да үй иесін, 1958 жылғы ер адамды 1 және 2 дәрежедегі күйік шалып, Шортанды аудандық ауруханасына жатқызылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.