Әйелін өртеп жіберген Қ.Садуовты іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін өртеп жіберген Қ.Садуовты іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр

Әйелін өртеп жіберген Қ.Садуовты іздеу жұмыстары жалғастырылып жатыр

Астана қаласының полициясы елордалық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып,

  • 19 Маусым 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

өртеп жіберген 43 жастағы Қанат Садуовты іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

«Астана қалалық ІІД аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 30.10.1972 жылғы Садуов Қанат Ғайсаұлына іздеу салуда. Бұл ер адамның орналасқан орны туралы ақпарат бере алатын азаматтарды: (7172) 71-63-29, 71-60-29, 71-60-22, 71-60-10, на сот. телефоны: 8-747-227-79-40,  8-778-917-05-78 телефон нөмірлеріне, 8-747-227-79-40,  8-778-917-05-78 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз. Есімдерінің аталмауы және сыйақының берілуіне кепіл беріледі», — делінген бүгін таратылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қылмысты 26 маусым күні № 25 орта мектеп жанында 43 жастағы Қанат Садуов жасаған. Ер адам бұл мектепте жұмыс істеген бұрынғы зайыбы Светлана Садуованың үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасын термиялық күйік шалған әйел 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шогымен ауруханаға жеткізілді. Сенбі күні кешке мұғалім алған жарақаттарынан көз жұмды.


С.Садуованың артында төрт баласы қалды.