Ақтөбеде «Әлия гүлі» достарды қарсы алады» халықаралық фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде «Әлия гүлі» достарды қарсы алады» халықаралық фестивалі өтті

Ақтөбеде «Әлия гүлі» достарды қарсы алады» халықаралық фестивалі өтті

Ақтөбеде «Әлия гүлі» достарды қарсы алады»  балалар мен жасөспірімдер шығармашылығына арналған VI  халықаралық фестивалі аяқталды.

  • 19 Маусым 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

Фестиваль екі жылда бір рет ұйымдастырылады.  «Халықтық ұжым» «Әлия гүлі» қырық жылғы өз қызметінің ішінде  оннан астам елде 50-ге жуық фестивальдерге қатысты.

«Фестивальді ұйымдастырып, өткізгені үшін қалалық әкімдікке, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Мәдениет үйіне алғысымыз шексіз. Солардың арқасында керемет өтуде, — деді халық ұжымының басшысы Шолпан Айнабекова, — төрт ақтөбелік ұжымнан басқа ресей қалаларынан, оның ішінде Мәскеу мен Татарстаннан он балалар ансамблі қатысты.

Мәскеу облысының Электросталь қаласынан келген «Перепляс» ансамблі басшысының көмекшісі Юлия Богачева ақтөбелік балалар хореографиялық форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мұндай кездесулер тәрбиеленушілерді кәсіби дамытып, тәжірибе жинақтауына ынталандыра түсетінін айтты.

 «Үшінші рет келіп отырмыз. Жылдан жылға қатысушылардың орындаушылық деңгейі арта түсуде. Балалар өздерін көрсетеді, құрбы-құрдастарының өнерін тамашалайды, ой қорытып, алға мақсаттар қояды, жеке жоспарларын құрады», — деді Ю. Богачева.


Фестиваль жеңімпаздары Қобда ауылында Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұлованың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған жиында және ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақтағы гала-концертте өнер көрсетті.