Фильмге атақты Созақ көтерілісі кезіндегі бүтін бір отбасының басынан өткен қасіреті арқау болған. Мұнда осы бір үйдің алты баласы ажалмен бетпе-бет келеді. Режиссер бұл арқылы күллі қазақтың сол кездегі азапты күндерін көрсетуге тырысыпты. 1930-1933 жылдардағы қаралы шежіреден сыр шертетін фильм тарихи шындыққа негізделген. Ал онда басты рөлдерді белгілі актерлер Райхан Айтқожанова, Ержан Жарылқасын және Асылхан Төлепов сомдайды.
Сәбит Әбдіхалықов, «Зұлмат» фильмінің режиссері:
-Қысқаметражды 30 минуттық фильм. 6 ағайынды тұтқынға түсіп, бәрін ататын болады. Сонда бір кішкентайын аман алып қалуға жан таластары, арпалыстары жайында. Терең тарихтың теңізіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей ғана дүние.