Астанада жеңіл көлік электр бағанын құлатып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жеңіл көлік  электр бағанын құлатып кетті

Астанада жеңіл көлік электр бағанын құлатып кетті

Астананың қақ ортасында жоғары қуатты электр бағанасы құлап, тұрғындарды тоқ соғып сұлата жаздады. Оны жеңіл көлік қағып, түбімен қопарып тастаған.

  • 20 Маусым 2015
  • 425
Фото - Caravan.kz

Ал салбыраған бағананы үш күннен бері ағаш қана тіреп тұр. Электр желісін тұн ортасында қиратып кеткен жүргізуші із жасырып үлгеріпті. Шенеуніктерден көмек болмаған соң, бағананы енді көрші-қолаң ақша жинап өздері ауыстырмақшы. Қазір қисайған желіде ток жоқ, бірақ жанында жоғары вольтті бірнеше жүйе жұмыс істеп тұр. Яғни, жерге иілген бағана құлап кетсе көшеден өтіп бара жатқандар тоққа түсуі мүмкін.

Болат Алданазаров, Астана қаласының тұрғыны:

-Қауіпті, мынау токтың өзі 10 мың Вт дейді. Қорқамыз. Ойын баласы көп қой.