Будақтап шыққан қою түтін жапсарлас тұрған медицина ғимаратына кіріп жатыр. Екінші жағында теміржолшыларға тиесілі диагностикалық емхана тұр. Асхана қожайыны ғимаратты 5 жылдан бері осы емханадан жалға алған екен. Ал өрт шыққан сәтте іште 9 аспаз бен ас ішіп отырған 40 шақты клиент болыпты. Барлығы дереу сыртқа шығарылды. Бір әйел түтінге уланып, ауруханаға жеткізілген.
Ялхун Якупов, асхана қожайыны:
-Өз көзіммен көрдім ғой жанған кезде. Өрт сөндірушілер үлгерген жоқ. Бірақ, сигнализация ойнады.