Бұрын өзі де полиция қызметкері болған Қанат Сәдуов ізім-ғайым жоғалудың қыр-сырын жақсылап меңгеріп алса керек, оны экс-әріптестері бір айдан бері таба алмай әлек. Үйінің маңын торуылдап шаршаған. Тіпті жасырынуы мүмкін деген жерлерді түгел тінтіп шығыпты. Енді полиция «43 жастағы азғынды көрдім, білдім» дегендерге қаржылай сыйақы беруге дайын. Қанат Сәдуов мамырда Астанадағы №25 мектептің ауласында мұғалім жарының үстіне жанармай құйып өртеп өлтірген. Марқұм Светлананың артында 3 кәмелет жасына толмаған баласы мен бір ересек ұлы қалды. Олар қанішер әкесінің жазаланғанын қалайды.