Асқар Керімов, Атырау қаласының бұрынғы әкімі:
-Уақытынан 3 ай бұрын түзелді, дұрыс жолға түсті деп тергеу изоляторының әкімшілігімен жіберіп отыр. Сотқа да, барлығына да ризамын. Ешқандай талап-тілегім жоқ.
Керімов Атырау қаласын Рысқалиев облыс әкімі болып тұрған кезде басқарған. Жаппай тұтқындау басталғанда, ол да ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі боп, коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіруге қатысып, мемлекетке шығын келтірді деп айтыпталған болатын. Прокурорлар Керімовке 14 жыл сұраған. Бірақ сот оны Рысқалиевтердің былығына жанама түрде қатысы бар деп, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Түрмеден 3 ай ерте шыққан Асқар Керімовтың енді мемлекеттік қызметке жолағысы жоқ. Ал Бергей Рысқалиевтің қай жерде бой тасалап жүргені әлі белгісіз. Қазір оның 14 сыбайласы абақтыда.