Таразда алапат өрттің қоршауында қалған адамдар биіктен секіруге мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда алапат өрттің қоршауында қалған адамдар  биіктен секіруге мәжбүр болды

Таразда алапат өрттің қоршауында қалған адамдар биіктен секіруге мәжбүр болды

Таразда төтенше оқиға! Облыстық әкімдіктің барлық басқармалары мен емхана орналасқан 9 қабатты ғимарат өртке оранды. Демде күш алған жалын, нысанның түгін қалдырмай шарпыған. Ішіндегі адамдар сыртқа шыға алмай, биіктен секіруге мәжбүр болды.

  • 20 Маусым 2015
  • 495
Фото - Caravan.kz

Қас қағым сәтте жүздеген қызметкер тілсіз жаудың құрбаны бола жаздады. Шарпыған жалынның лезде күш алғаны сонша, адамдардың көбі тысқа шығып үлгермеген. Қамауда қалып қойғандары терезенің темір торын қиратып жанталасса, кейбірі биіктікке қарамай жерге қарғып жатыр. Ғимараттың сырты тез жанғыш материалмен қапталған екен. Сондықтан төтенше жағдай қызметі өртті ауыздықтай алмай әуреге түсті. Оқыс оқиғадан жалпы саны ондаған  адам жапа шекті. Екеуінің денесін күйік шалса, 4 адам улы түтінді жұтып, ауруханаға түсті. Оның біреуі полиция қызметкері. Әзірге электр сымдарының тұйықталуынан от тұтанған деген болжам бар. Бірақ, куәгерлер екінші қабатта жойқын жарылыстың болғанын айтып отыр.