Алматыда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев 71 түлекке «Алтын белгі» табыстады (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев 71 түлекке «Алтын белгі» табыстады (ФОТО)

Алматыда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев 71 түлекке «Алтын белгі» табыстады (ФОТО)

Алматыда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев республикалық О.Жәутіков атындағы физика-математикалық мектептің 71 түлегіне «Алтын белгі» табыстады.

  • 21 Маусым 2015
  • 976
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараға ұстаздар мен ата-аналар қатысты.

Айта кетейік, биылғы оқу жылында РМФМОМИ-ді 307 түлек бітіріп шықты. Олардың 71-і «Алтын белгіге» қол жеткізсе, 29 оқушы үздік аттестат алып, 113 түлек халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жеңімпаз атанды.

«Осы мектепті 43-ші түлектердің бітіруімен құттықтаймын. Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Сіздер өмірдің бір белесіне өтіп, үлкен өмірге жолдама алып жатсыздар. Республикалық физика-математикалық мектеп біздің білім беру жүйесіндегі ерекше бренд деуге болады. Бұл мектептің түлектері әрқашан ел билігіні тізгіндеген азаматтар. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Тимур Құлыбаев, Нұрлан Қаппаров, академик Асқар Жұмаділдаев осы мектептің түлектері. Бүгін мектепті бітіретін түлектердің 100-і үздік бітіріп жатыр. Ол әр екінші баланың үздік оқитынын білдіреді», — деді вице-министр Тахир Балықбаев.

Салтанатты шара «Дос-Мұқасан» тобының мерекелік концертіне жалғасты.


null null null null null null null null null