«FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдауға дайын

«FlyNas» әуе компаниясы қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдауға дайын

Жидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Республикасының авиациялық билік органдары мен Сауд Арабиясы авиациялық билік органдар

  • 17 Тамыз 2015
  • 542
Фото - Caravan.kz

және «FlyNas» авиакомпаниясы арасындағы қажылық маусымында қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдау мәселесі бойынша келіссөздер өтті.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша «FlyNas» авиакомпаниясы қазақстандық қажыларды Сауд Арабиясына тасымалдау үшін Алматы — Жидда — Алматы және Алматы — Медина — Алматы маршруттары бойынша рейстерді орындауға дайындығын білдірді.

Авиакомпания барлық 4005 қазақстандық қажыны Сауд Арабиясына тасымалдауға дайын, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстаннан Сауд Арабиясына жоспарланған ұшып кету күндері — 2015 жылғы 11-16 қыркүйек аралығы, ұшып келу күндері — 2015 жылғы 27 қыркүйек — 7 қазан аралығы.


Аталған рейстер Airbus A330 және Boeing 767/757 ұшақтарымен орындалады.