Мемлекетке қызмет ету сәнге айналып жатыр - депутат Ерлан Саиров - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетке қызмет ету сәнге айналып жатыр - депутат Ерлан Саиров

Мемлекетке қызмет ету сәнге айналып жатыр - депутат Ерлан Саиров

Мәжіліс депутаты, саясаттанушы Ерлан Саиров қазақы болмысты сақтап қалудың негізгі жолдарын айтты.

  • 20 Мамыр
  • 4
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Ербол Сейілханға берген сұхбатында ұлт ретінде сақталу үшін сананы өзгертуге қабілетті болу керегін айтты.

«Жас ұрпақтың бойына өзіміздің ұлттық дәстүрімізді сіңіре білуіміз керек. 19 ғасырда шығыс әлемінің барлығы отарлауға түсті. Қытайдың өзіне 5 үлкен держава келіп, басып алды. Жапонияға қарсы соғыс ашты. Сол кезде, 19 ғасырдың екінші жартысында Жапония мэйдзи реформаларын жүргізді. Ол реформалардың мәні — ұлтты гуманитарлық бағыттан инженерлік бағытқа ауыстыру. Мэйдзи реформасының нәтижесінде 10 жылдың ішінде Жапония дамыған елдердің қатарына қосылды. Сондықтан бүгінгі таңда ұлт ретінде сақталу үшін болмысымызды сақтауымыз керек және заман талабына байланысты санамызды өзгертуге қабілетті болуымыз керек. Ең негізгілері осы. Ұлттық болмысыңды сақтамасаң, жер бетінен жойылып кетесің. Оның мысалдары өте көп», — дейді ол.

Сондай-ақ, депутат жастардың саясаттағы орнына да тоқталды.

«Ұрпақтар сабастағының негізгі мәні — ағалары өздерінің інілері мн қарындастарын саясаттың оқпақ жолдары арқылу тәрбиелеу. Онсыз мемлекет ыдырап кетеді. Кезінде мызғымастай болып көрінген Совет Одағының ыдырап кетуі билікте 30 жыл мызғымай отырып алғандардың кесірінен болды. Осыны түсінген Қытайдың басшылығы дер кезінде билікке жастарды әкеле бастады. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырды. 2019 жылға дейін мемлекеттік қызметшілердің барлығы саудамен айналысып кеткен. Бәрі тендермен айналысып кетті. Қазіргі таңда мемлекетке қызмет ету сәнге айналып жатыр. Қазір тендердің артынан жүгіріп жүрген бірде бір мемлекеттік қызметкерді көрмеймін», — дейді Ерлан Саиров.