Алматыда ашытқы зауытының аумағында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ашытқы зауытының аумағында өрт шықты

Алматыда ашытқы зауытының аумағында өрт шықты

 Бүгін Алматыда Нұрмақов көшесі бойында орналасқан ашытқы зауыты аумағындағы кондитерлік цехты өрт шалды,

  • 17 Тамыз 2015
  • 612
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның айтуынша, өрт күндізгі сағат 15:18-де басталған. 
«101» кезекші бөліміне өрт туралы хабар келіп жетісімен, оқиға орнына өрт сөндіруші бөлімше жөнелтілді. Мәлім болғанындай, ашытқы зауыты аумағында орналасқан кондитерлік үй-жайды өртенген. Өрт шалған аумақ шамамен 200 шаршы метрді құрады. Сағат 15:55-те өрт толығымен сөндірілді», — деді С.Баймұхамбетова. 
Қазір оқиғаның себептері анықталу үстінде.