«15 тамызда «ВАЗ-21214» арнайы көлігі аударылған. Көлікте бес полицей болды. Барлығы қызметтік міндетін атқару барысында болған. Жапа шеккендерге медициналық көмек көрсетілді», — деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінде.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.