Ақтөбеде қыз пойыз астына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде қыз пойыз астына түсті

Ақтөбеде қыз пойыз астына түсті

Ақтөбеде қыз пойыз астына түсті. Қайғылы оқиға 19 тамызда шамамен түнгі сағат екіде орын алды.

  • 21 Тамыз 2015
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы mgorod.kz хабарлады.

Қаза тапқан қыздың туыстары айтқандай, 17 тамызда ол облыс орталығына Мәртөк ауданы Целинный кентінен келген. Онда ата-анасы тұрады.

«Ешқандай проблемалар туралы айтқан жоқ. Көңіл-күйінде өзгеріс те байқалмады. Оған не болғанын ата-анасы білмей отыр», — деді ажал құшқанның танысы.

Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ бұл туралы хабар 19 тамызда түнгі сағат 01:55 түскені туралы хабарлады. Оқиға орнына тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары бұл келеңсіз жағдайдың суицид екендігіне күмән келтірмей отыр.

«Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі анықталып жатыр. Қаза тапқаннан еш құжат табылмады», — деді Ақтөбе стансасындағы ЖІІБ баспасөз қызметкері Роза Төлегенқызы.