"Қазір сақал қойған адамды көрсек, үркеміз": Танымал журналист сақалдылар мен оранғандар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазір сақал қойған адамды көрсек, үркеміз": Танымал журналист сақалдылар мен оранғандар туралы

"Қазір сақал қойған адамды көрсек, үркеміз": Танымал журналист сақалдылар мен оранғандар туралы

Белгілі жазушы, журналист Есболат Айдабосын қоғамдағы діни алауыздыққа байланысты өз ойын білдірді.

  • 20 Мамыр
  • 3
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол «Saqaq.Media» YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазақтар кішкене алауыз болып кетті, түрлі-түрлі топтардың сойылын соғып кетті. Әсіресе, діни алауыздық бар. Бізде дін тұрғысында басымыз бірікпейді, бәріміз мұсылман болсақ та. Бәріміздің аузымызда «Бір Алла», Құранның 2-3 сүресі бар.

Бәріміз демейін, себебі арамызда әлі де атеистер де бар. Құранның 2-3 сүресін адамдар да бар. Бірақ мұсылман қазақтар арасында олардың бәрі әр түрлі ағымда.

Мысалы, 90 жылдары сақал, тақия киген ақсақалды көрсек, жүгіріп барып амандасатын едік. Сақалы бар адамнан қауіп-қатер көрмейтінбіз, ізгілік, жақсылық көретінбіз. Қазір керісінше, сақал қойған, сақалы бар адамды көрсе, қоғам қорқады, үркеді. Діннен шошытып тастадық, ол вакуум. Оны біз алып тастасақ, оның орнын бірдеңе басады. Мысалы, басқа бір секта келіп жаулап алады дегендей. Ол да жақсылыққа апармайды. Ата-бабамыз ұстанған дінге қарай ұйыссақ, бізде дін мен дәстүрі қабысады ғой», — деді ол.