Алматыда 4 қабатты үйден өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.51
  • 611.83
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 4 қабатты үйден өрт шықты

Алматыда 4 қабатты үйден өрт шықты

Алматыда 4 қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова  хабарлады.

  • 25 Тамыз 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Әуезов ауданындағы №2 үйдің 4-қабатындағы пәтер өртенген.

Қызыл жалын үш бөлмелі пәтердің ішіндегі тұрмыстық заттарды, жиһаздарды зақымдаған. Өрт  15 шаршы метр жерді шарпыды.

Аталған үйден 20 адам, оның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді.


Өрт сөндірушілер 15 минуттың ішінде тілсіз жауды ауыздықтады.