Бұл – Елордадағы жын ойнаққа айналған пәтерлердің бірі. Сылқым қыздардың бәрі осы жерде нәпсісін тия алмай жүрген жігіттерге жыныстық қызмет көрсетіпті. Олардың басым көпшілігі-оңтүстік өңірлерден. Ұсынған қызметі үшін клиенттерден сағатына 5 мың теңгеден алып отырған. Бірақ полицейлер «түнгі көбелектерді» құрықтағанымен, ішкі істер бөлімінде үш сағаттан артық ұстай алмайды. Суретке түсіріп, саусақ іздерін алып, айыппұл салған соң бостандыққа қоя береді. Осыдан кейін олар үйреншікті ісіне қайта кіріседі.