Брюссельде «Тоттенхэм» және Андерлехт» жанкүйерлері арасында қанжоса төбелес болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Брюссельде «Тоттенхэм» және Андерлехт» жанкүйерлері арасында қанжоса төбелес болды

Брюссельде «Тоттенхэм» және Андерлехт» жанкүйерлері арасында қанжоса төбелес болды

Бейсенбі күні Брюссельдің орталығында Бельгияның «Андерлехт» футбол клубының бір топ жанкүйері ағылшынның «Тоттенхэм» клубының жанкүйерлеріне тап берген.

  • 23 Қазан 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Оқиға Гар дю Миди вокзалы маңындағы «BAR BQ» кафесінде орын алған. Олар өз командаларының Еуропа лигасы аясында «Андерлехтпен» өткізетін жолдастық кездесуі алдында жиналған екен.

Британдықтардың саны 50-дей болған. Оларға тап берген «Андерлехт» жанкүйерлерінің саны 100-ден астам болған.

Іште отырған ағылшындарға ашуға булыққан бельгиялықтар бөтелке, орындық лақтырып, оның арты төбелеске ұласқан.


Оқиға салдарынан 1 адам ауыр жараланып, оншақтысы әртүрлі деңгейде жарақат алған.