Алматыда «Жұлдыз» базарындағы өрт сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Жұлдыз» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда «Жұлдыз» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда «Жұлдыз» базарында өрт шықты, деп хабарлады қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

  • 23 Қазан 2015
  • 788
Фото - Caravan.kz


Өрт сөндіру қызметіне Розыбақиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында орналасқан базарда бірнеше контейнердің өртенуі туралы ақпарат таңғы сағат 6:53-те түскен. 

Жол-патрульдік полициясының экипаждары оқиға орнын қоршауға алып, өрт сөндіру техникасының кедергісіз жетуін қамтамасыз етті. 
Алматы қалалық ІІД ЖБО кезекшісінің мәліметіне сүйенсек, өрт сағат 7:40-та толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 
Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.