Сарыағаш шекарашылары бір тәулікте 121 өзбекстандықты ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағаш шекарашылары бір тәулікте 121 өзбекстандықты ұстады

Сарыағаш шекарашылары бір тәулікте 121 өзбекстандықты ұстады

Еліміздің оңтүстігінде орналасқан Сарыағаш шекара отярдының шекарашылары

  • 23 Қазан 2015
  • 358
Фото - Caravan.kz


(қазақ-өзбек шекарасы) бір тәулік ішінде көші-қон заңдылығын бұзған 121 адамды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен. 

Атап айтқанда, «Қапланбек-авто» бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар Өзбекстан Республикасының 92 азаматын ұстауға мәжбүр болды. Барлығының құжаттарында көші-қон полициясының тіркемесі болмай шықты, әрі біздің елімізде 60 күннен артық заңсыз жүргендіктері анықталды. Айтуларына қарағанда, олар тұрғылықты жеріне қайтып бара жатқан. 
Олардың арасында біздің елімізде заңсыз жүру жағынан «рекорд жасағандары» да кездеседі. Мысалы, 4 өзбектің Қазақстанда заңсыз жүргендеріне 150 тәулік болғандығы анықталды.
«Жібек жолы-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Өзбекстанның 29 азаматын ұстады. Барлығы да жоғарыда айтылғандай көші-қон заңдылығын бұзған, елімізде заңсыз жүргендеріне 1 күннен 30 күнге дейін созылыпты. 
Ұсталғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.