Астанада бюджеттің миллиондарына салынған аялдама айға жетпей сынып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бюджеттің миллиондарына салынған аялдама айға жетпей сынып қалды

Астанада бюджеттің миллиондарына салынған аялдама айға жетпей сынып қалды

Астанада мақтауы асырылған аялдамалар алғашқы аяздың өзіне төтеп бере алмай қалды. Автобус күткен жолаушыларға жылы болсын деп бюджеттің миллиондарына салынған нысанның есігі сынып қалған.

  • 24 Қазан 2015
  • 597
Фото - Caravan.kz

Қолданысқа берілгеніне айға жетпей сынған аялдаманың есіктері екі жаққа қарай ашылады. Сол ашылған күйі істен шығыпты. Сондықтан ішінде жылу соғып тұрғанмен оның бәрі далаға кетіп жатыр. Десе де бүрсеңдеген жұрт ішіне кіріп алыпты. Ал, қытымыр аяздың алда екенін ескерсек мұнда автобус күтуден пайда болмайтын секілді. Айта кетейік, жылу қондырғыларымен жабдықталған бұл аялдаманы салуға 10 миллион теңге жұмсалған. Әкімдік алда тағы осындай бірнеше аялдаманы салмақшы.

Әлия Егінбаева, Астана қаласының тұрғыны:

Мынау не, есігі ашылмайды, не жабылмайды. Іші бір сұмдық ыстық болып тұрған жоқ. Россия масқара қып мазақ қып, күліп жатыр Қазақстанға. 10 миллионға олар біз 10 салар едік 20 салар  едік дейді. Ал біздікі 1 остановка 10 миллион тұрады дейді. Мынау 10 миллион тұра ма?