Павлодар облысының тұрғыны ұрланған малын сойып жатқанда үстінен түскен - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының тұрғыны ұрланған малын сойып жатқанда үстінен түскен

Павлодар облысының тұрғыны ұрланған малын сойып жатқанда үстінен түскен

Павлодар облысында 30 бас жылқысынан айырылған шаруа бұған жергілікті қорықшын кінәлауда. Айтуынша, буаз биесін сойып жатқанда үстінен түсіп, полицияға хабарлағанымен еш шара қолдандапты. Сөйтсе, барымта малды бас пайдасына жаратпақ болған қорықшының өзі учаскелік инспектордің көмекшісі қызметін қатар атқарады екен.

  • 27 Қазан 2015
  • 296
Фото - Caravan.kz

Баянауыл ауданының тұрғыны ұрының әрекетін ұялы телефонына түсіріп те алған. Онысын айғақ зат ретінде полицияға тіркетіпті. Бір мезетте 30 бас жылқысынан айырылған кәсіпкер жер-көкті айнала іздеп жүрсе, ұры тура іргесінде екен. Көршісі Баянауыл табиғи ұлттық паркінде қорықшы әрі жергілікті учаскелік инспектордың көмекшісі болып істейді. Сондықтан әділ тергеуге сенбеймін деген шаруаның өзі іске енді прокурорлардың араласқанын қалап отыр.

Қайыржан Балтабаев, шаруа қожалығының иесі:

-Ұрланған малымды көршім ауылдың сарбазы, ұлттық паркте  жұмыс істейді Бакиев Ерсін дегеннің үйінен, менің кетіп қалғанымды пайдаланып, малымды ұрлап әкетті. Ауылдың бір баласы келіп айтты «Қайыржан аға, сіздің малыңызды сойып жатыр», барып үстінен түстім.