Еліміздің бірнеше облысында жер сілкініп халық далаға қашқан - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірнеше облысында жер сілкініп халық далаға қашқан

Еліміздің бірнеше облысында жер сілкініп халық далаға қашқан

Ауғанстанда болған жойқын зілзала бүгін еліміздің оңтүстік өңірлерін де біраз сілкінтті. 7 жарым балдық дүмпу толқыны Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарына 4 балдық күшпен жеткен. Шымкентте тіпті түстен кейін бірнеше мектеп мен мекемеден адамдарды шұғыл көшеге шығаруға тура келді.

  • 27 Қазан 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Үрейленіп қалған тұрғындар жарты сағатқа дейін ғимараттарға кіргізілген жоқ. Шымкентте жер сілкінісі 4 баллға дейін жетсе, жамбылдықтар 3 баллдық дүмпуді сезген. Сондай-ақ, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында да 3-4 балдық сілкініс сезілді. Жұрт дүрліккенімен, қираған ғимарат пен зардап шеккендер жоқ. Қазір жер сілкінісіне байланысты толық ақпарат жиналып жатыр. Ал Ауғанстанның өзінде жойқын зілзаладан жүздеген ғимарат жермен жексен болды. Үйінді астында қалып, қаза тапқандар көп.