Осыдан үш күн бұрын ғана қала сыртынан табылған мына бірқазанға күніне бес келі балық керек. Ал бір айлық азығы кемі 30 мың теңге. Одан қалды бақта осы өңірдің өзен-көлдерінен ұша алмай қалған 22 аққу мен елу шақты қаз-үйрек бар. Барлығына тойдырып азық беруге бақ әкімшілігі қауқарсыз. Сондықтан жергілікті шаруа қожалықтарына қол жаюға мәжбүр. Негізгі міндеті тропикалық өсімдіктерді күтіп-баптау болып саналатын бұл нысанға жануарларды бағуға қаржы бөлінбейді. Бірақ қалалықтар көшеден тауып алған аң-құстарды ескі әдетінше осында әкеледі екен. Оларды там-тұмдап болса да қоректендіруге бүгінде еріктілер де атсалысып жатыр.