Үлескерлерге Үкіметтің кепіл болуын депутаттар таза лобби деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үлескерлерге Үкіметтің кепіл болуын депутаттар таза лобби деп атады

Үлескерлерге Үкіметтің кепіл болуын депутаттар таза лобби деп атады

Үлескерлерге Үкіметтің кепіл болуын депутаттар таза лобби деп атады. Тіпті шала заң тұрғынүй нарығында жүрген бизнесмендердің сойылын соғу үшін жазылды деген мәжілісмендер бүгін Экономика министрлігімен әжептәуір шекісіп қалды.

  • 29 Қазан 2015
  • 233
Фото - Caravan.kz

Ал дау тудырған құжат бойынша, алдымен арнайы қор құрылады да, оған қазынадан 15 миллиард теңге бөлінеді. Сөйтіп, ол жұрт ақша салған баспананың құрылысы аяқталғанша кепілдік болады. Айта кету керек, жаңа заңның бұған дейінгі үлескерлерге қатысы жоқ. Екіншіден, кәсіпкерлерге де талап күшейеді. Үлескерлерге үй салу үшін құрылыс компанияларының кем дегенде 3 жылдық тәжірибесі болу керек. Және 5 жылдың ішінде 60 мың шаршы метр баспана салуға қаржысы жетсе ғана рұқсат алады. Мәжілісмендер бұл заң монополистердің қызығушылығын қорғауға арналған деп отыр. Бірақ, соңында құжатты бірінші оқылымда мақұлдап берді.

Азамат Әбілдаев, Мәжіліс депутаты:

-Бұл заңды 5-6 компанияның қаржыгер, заңгері жазып шыққан. Солардың қызығушылығын қорғауға арналған құжат. Егер біз оны қабылдамасақ, келесі жылдың соңында ірі компаниялар құрдымға кетеді. Сол үшін жан таласып жатыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Әбілдаев өзіне-өзі қарсы шығып отыр. Бірінші талап бойынша, құрылыс компаниясы бес жылдың ішінде 18 мың шаршы метр пәтер салып үлгеруі тиіс. Бұл дегеніміз – бес қабатты үш үй. Осы көп пе? Мен кімдерге лобби жасап отыр екенмін?