Оңтүстікте қаскөйлер 17 мың теңге үшін жергілікті диқанды атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстікте қаскөйлер 17 мың теңге үшін жергілікті диқанды атып өлтірді

Оңтүстікте қаскөйлер 17 мың теңге үшін жергілікті диқанды атып өлтірді

Оңтүстік Қазақстанда қарақшылық шабуыл тағы кісі өлімімен аяқталды. Сарыағаш ауданында бетперде киген үш адам жергілікті диқанды тура үйінің алдында атып тастаған. Түнделетіп келген қаскөйлер марқұмның әйеліне де мылтық тақап, «ақша тауып бермесең, балаларыңды түгел қырып тастаймын» деп қорқытыпты. Сондағы алғаны 17-ақ мың теңге. Осыдан кейін жайбарақат кетіп қалған үшеу қазір бүкіл Оңтүстік Қазақстан бойынша іздестіріп жатыр.

  • 30 Қазан 2015
  • 340
Фото - Caravan.kz

41 жастағы Назармат Тоқтабаевты соңғы сапарға шығарып салуға келгендердің қарасы қалың. Қарапайым диқаншылықпен 5 балалы отбасын асырап келген азаматты 17 мың теңге үшін өлтіріп кеткенін мына жиналған жұрт түсіне алар емес. Ал туыстарының қайғыдан жүрегі қарс айырылған.

-Мен үшін емес балаларың үшін қайт. Құдайдан сұраймын қайтарып берші Құдай!    

Ерте көктемнен қарашаға дейін ауыл сыртындағы жылыжайда егін егіп, напақасын тауып отырған Назармат 27-сі күні әдеттегідей әйелі және 4 ұл-қызымен бірге үйінде болған.

-Қанды оқиға кешкі сағат 9-дар шамасында осы жерде болды. Күндіз жылыжайда жұмыс жасап, кешкісін демалып жатқан отбасы үй сыртынан атылған мылтық дауысын естиді. Сосын далаға шыққан отағасы Назармат бетін тұмшалап алған үшеуді көріпті. Сол мезет қолында қаруы бар азғын әуелі иесін қорғаған төбетті, артынша үй иесінің өзін жайратып салған.

Күйеуінің артынша іле шала шыққан келіншегі Гүлмира қараңғыда атылған мылтық дауысын естіп, күйеуінің құлап бара жатқанын ғана көріп қалған.

Гүлмира Тоқтабаева, марқұмның әйелі:

-Атылған оқтан күйеуім ұшып кетті былай қарай. Мен жүгіріп барып ойбай аттың ғой деп едім  шығар үйдегі ақшаны деп қорқытты.

Ұл-қызы үшін қорыққан әйел үйде бар 17 мың теңгені алып шығып берген. Ақшаны азсынған қаскөйлер тіпті бала-шағаңды өлтірем деп қорқытыпты. Туыстарының айтуынша, олар піскен қияр-қызанақтың ақшасы Назарматтың үйінде тұр деп немесе жаңа көлігін көріп қалталы деп ойлаған болуы мүмкін.

Мәлика Тоқтабаева, марқұмның қарындасы:

-Ағам озі әрең жүрген, қарапайым еңбекқор оз еңбектерімен әрең омір сүріп жатқан. Сол  диханшылармен кредитін машинасын төлеп, содан ақырын жабамын деп жүрген.  

Қазір, қарапайым шаруаны болмашы қаржы үшін өлтіріп кеткен үш қаскөйді полицейлер бүкіл облыстан іздеп жатыр. «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.